2011 жылға республикалық бюджет есебінен ҚР Үкіметінің 19.11.2009 ж. №1888 “тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша Медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы” Қаулысына сәйкес” ОҚО әкімдігінің “Облыстық дермато-венерологиялық диспансері” МКҚК ТМККК шеңберінде келесі медициналық көмек түрлері бойынша Медициналық қызметтерді жүзеге асырады:
Ересектерге және балаларға білікті және мамандандырылған дерматовенерологиялық көмек, олар мынадай нысандарда көрсетіледі: стационарлық және стационарды алмастыратын көмек.
“Оңтүстік Қазақстан облыстық дермато-венерологиялық диспансері” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында ақылы қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының “Денсаулық сақтау жүйесі туралы”, “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” Заңдарына, “медициналық ұйымдардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 06 қазандағы №965 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады”.
Кәсіпорынның ақылы қызмет көрсету шарттары:
-пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету;
– негізгі (өмірлік маңызы бар) дәрілік заттар тізіміне енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
– ТМККК тізбесіне кірмейтін қымбат тұратын медициналық зерттеулер жүргізу;
– ТМККК тыс шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету;
– жұмысқа және оқуға түсу үшін азаматтарды медициналық тексеру;
– кәсіпорынмен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
– Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін медициналық стандарттардан тыс қосымша сервистік қызметтер ұсыну.
Ақылы қызметтердің бағасы медициналық, сервистік қызметтер көрсетуге байланысты шығындардың барлық түрлерін және өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және жарты жылда бір реттен жиі емес қайта қаралуы мүмкін.