ШЖҚ «Облыстық тері-венерологиялық диспансер»

Түркістан облысы

Қазақстан жаңалықтар

Бастысы

ДИСПАНСЕР ТУРАЛЫ


Оңтүстік Қазақстан облысының тері-венерологиялық қызметінің даму тарихы еліміз үшін қиын болған кезеңнен  - сонау 1926 жылдардан бастау алады. Мұндай қиын кезеңде 27.03.1926 жылғы Түркістан өлкесінің үлкен Президиумының шешімімен Чимкент қалалық аурухасы жанынан венерологиялық бөлімді ашу – бағасы жоқ оқиға. Өлкелік денсаулық меңгерушісіне шығындар сметасын жасау, венерологиялық ауруларды соңын ала бөліп алатын мектептер мен интернаттарды зерттеу тапсырылды.Арадан біраз жыл өткен соң бөлім негізінде тері-венерологиялық диспансер құрылды.
1950 жылы денсаулық сақтаудың Оңтүстік Қазақстан бөлімінің 5 шілдедегі № 119 бұйрығы негізінде Чимкент қалалық тері-венерологиялық диспансері 3-санатты облыстық тері-венерологиялық диспансері болып қайта құрылды. Бір жылдан соң дәрігерлік көмек көлемінің артуына байланысты: микологиялық, тері-сифилистік, физиотерапиялық, ер және әйелдердің урологиялық кабинеттері, клиникалық және серологиялық зертханалар, түнгі профилакториялар,  45 орындық венерологиялық бөлім және 30 орындық микологиялық бөлімдер қосымша қосылып барды. 1953 жылы ОТВД ғимараты Түркістан, 31 мекен-жайында орналасты. Алғашқы бас дәрігер - Зеленская А.П. Соң - Васильева Нина Даниловна. Қазақ ССР-і Денсаулық сақтау Министрлігінің 1965 жылғы 6 шілдедегі № 172 бұйрығына сәйкес Чимкент қаласында қалалық тері-венерологиялық диспансер құрылды. Бас дәрігері - Бобров Григорий Тихонович. Қалалық денсаулық бөлімінің 13.11.1978 жылғы №278  бұйрығымен Чимкентте венерологиялық аурулардың жеке профилактикасының тәулік бойлық пункттері ашылды.  
 1980 жылдан бастап облыстық диспансер Водопьянов көшесіне орналасты. Қалалық және облыстық тері-венерологиялық аурулар диспансері бірлестігі 1981 жылы құрылды. Сол кезеңде облыстың дерматовенерологиялық қызметі 10 тері-венерологиялық диспансерінде, 11 терівенерологиялық кабинеттерде, Арыс және Түркістан қалаларының ауылдық учаскелік ауруханалары жанындағы 4 бөлімде көрсетілді. .
1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық диспансерінің стационарлық қуаты 200 орынға, соның 100-і микологиялық, 60-ы дерматологиялық, 40-венерологиялық орынға ие болды. 1991 жылдың сәуір айында диспансер негізінде медбикелердің білімін жетілдіру облыстық тері-венерологиялық мекемесі ашылды.
Дерматовенерологиялық  қызметті дамыту мен сақтауға 1993 жылдан 1997 жылдар аралығында ОТВД-нің бас дәрігері, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушы Тлеубердиев Нуркасен Абдуламитович маңызды үлес қосты. Сол жылдары елімізде дерматовенерологиялық орындардың қысқарып, аудандық дерматовенерологиялық диспансерлер қатар жойылып жатқан кез. Н.А.     Тлеубердиевтің еңбегінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысының дерматовенерологиялық қызметі толық көлемде сақталып қалды, 1994 жылы шаруашылық есептегі сынақ емхана СЭС –тен ОТВД-ге берілді, жаңа құрылымдық бөлімше – ақылы емханалық бөлім ашылды, облыстық диспансерге қосымша 2 ғимарат берілді, орын саны 250 орынға дейін арттырылды. 
1998 жылдан 2003 жылға дейін облыстық диспансерді Родина Татьяна Александровна басқарды.
Зорлыққа душар болған әйелдер, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сенім» дағдарыс орталығы; алғашқы профилактикалық бөлім ұйымдастырылды; шаруашылық есептегі 3 бағыттағы – проблемалы тері, диагностикалық және профилактикалық медициналық тексеру бөлімдері қайта ұйымдастырылды. 2000 жылдан бастап ОТВД Жібек жолы көшесі,  н/з үйде 4 ДМО ғимаратында қызмет көрсетіп келеді.
2003 жылдан 2006 жылға дейін  облыстық диспансерді медицина ғылымдарының докторы, ОҚММА жұқпалы аурулар, балалар жұқпалы аурулары, дерматовенерология, иммунология және аллергология кафедрасының меңгерушісі, жоғарғы санатты дәрігер Мукан Кенесбекович Егизбаев басқарып келеді. Оның басшылығында науқастарға медициналық жәрдем көрсетудің сапасын жақсарту және диагностикамен емдеудің жаңа әдістерін енгізу мақсатында соңғы 2 жылда жалпы сомасы 20 млн. артық теңгеге дерматовенерологиялық қызметке арналған медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Облыстық диспансер үшін соңғы үлгідегі УДЗ аппараты, биохимиялық анализатор, компьютерлік спермоанализатор, физиотерапиялық құрал-жабдықтар (аппарат «Андрогин», УЗГ), косметологиялық комбайн мен кресло, электрокоагулятор; орталықтандырылған бак лабораторияға арналған  сорып шығатын шкаф, 8 термостат, 4 құрғақтандырылған шкаф, лабораториялық құрал-жабдықтар (автоклав, стерилизатор, центрифугалар, аквадистиллятор) сатып алынды.
ОТВД санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. Дерматовенерологиялық қызметтің 80 жылдығы қарсаңында Қазақстанда селективтік фототерапияға арналған созылмалы тері ауруларын емдейтін бірегей аппарат («Вальдманн» фирмасының ультракүлгін кабинасы) сатып алынды. Барлық бөлімдерге ағымдық жөндеу жүргізіліп, аумақ абаттандырылды.
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облыстық дерматовенерологиялық қызмет Республикадағы және дерматовенерологтардың 1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық ТВК, 3 бөлімі және 14 кабинеті бар ең ірісі болып табылады.   
Облыс бойынша дерматовенерологиялық орын саны – 450. Облыс бойынша орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға – 2,3-тен тура келеді. Дерматовенеролог дәрігер жалпы саны облыста 107 адам, соның 39-ының  біліктілік санаты бар. 10 мың тұрғынға 21,7 дәрігер дерматовенерологтан тура келеді. Облыстық дерматовенерологиялық диспансердің бас дәрігері медицина ғылымдарының кандидаты, эпидемиология курсымен бірге тері-венерологиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Нурмагамбетова Гульмира Бахитовна болып табылады. Облыстық дерматовенерологиялық диспансер ұйымдастыру-әдістемелік, үйлестіру, кеңес беру орталығы, сондай-ақ дерматовенерология бойынша медициналық мамандар дайындауға арналған база болып табылады.
Облыстық  дерматовенерологиялық диспансердің ұжымында 293 қызметкер болып, соның 65-дәрігерлер, оның ішінде медицина ғылымдарының кандидаты, біліктілік санаты бары – 23, соның – 65 –і дәрігерлер, оның ішінде медицина ғылымдарының кандидаты, біліктілік санаты бар –  23 дәрігердің: 3 дәрігері – жоғарғы санатты, 11-і - бірінші сантты, 9 дәрігер – екінші санатты.
Медбикелер -113, соның ішінде жоғарғы санаттысы - 61, бірінші санаттысы – 3, екінші санаттысы – екеу.
ОҚО дәрігер-дерматовенерологтардың кәсіби сауаттылығы деңгейін арттыру мақсатында соңғы 3 жылда мамандандыруға 72 дәрігер жіберілді, соның ішінде: Москва қ. ОЖИҒЗК базасында – 11 дәрігер, Санкт-Петербург қ. - 1 дәрігер, Киев қ. - 1 дәрігер, АГИУВ базасында - 39, ҚазЖИҒЗК - 14, ВШОЗ - 3, ЮКГМА - 2.
2004 жылы облыстық дерматовенерологиялық диспансерге УзНИКВИ-дан мамандар шақырылды, 2005 жылы – РМҒА-ның академигі,  профессор, медицина ғылымдарының докторы Ю.К.Скрипкин және Москва қаласындағы ГКВД зерханасының меңгерушісі Г.В. Чулкова. Лекциялар циклы мен кеңестік қабылдаулар ұйымдастырылды. 2006 жылы КазНИКВИ-дің «Дерматовенерологияның өзекті мәселелері» бағдарламасы бойынша 144 сағатқа мөлшерленген Шымкент қаласында көшпелі цикл өткізілді.

Біз адамдарға сенім мен сенімділік беріп, олардың өмірлерін жаксартып,армандарымен талпыныстарын іске асыруына көмектесеміз.
;